ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ
Қазіргі уақытта IT-технологиялар өндірістің барлық салаларына ғана емес, сонымен қатар білімге де көбірек әсер етуде. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар "уақытпен бірге қадам басу" және білім алушыға Құзыретті, Белсенді, креативті тұлға болуға көмектесу үшін өз біліктілігін үнемі арттырып отыруы тиіс.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру процесіне IT-технологияларды енгізу оқу процесінің өзін өзгерту қажеттілігін туындатады: дәстүрліден инновациялық нысандарға, оқыту әдістері мен тәсілдеріне көшу.
IT-технологиялар ашық және қашықтықтан білім алушы мен педагог қызметкердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін белсенді қолданылады. Қазіргі заманғы педагог қызметкер біздің заманымыздың озық технологияларын меңгеріп қана қоймай, оларды өзінің педагогикалық практикасында қолдана білуі тиіс.
Педагог қызметкер үшін IT-технологиялар оларды пайдалану кезінде үлкен әсер береді:
- дәрістік және практикалық сабақтар өткізу кезінде;
- бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу кезінде
- жобалық қызметте, дәрістерге материалдар жасау кезінде;
- жиналыстарда, отырыстарда сөз сөйлеген кезде;
- ғылыми қызмет үдерісінде;
- өз ТжКБ ұйымы ішінде де, білім беру ұйымдары арасында да тәжірибе алмасу кезінде.
Студент үшін IT-технологиялар келесі жағдайларда қолданған кезде үлкен нәтиже береді:
- оқу материалын терең қабылдау үшін;
- жобалық қызметте;
- мультимедиалық шығармалар жасау кезінде;
- презентациялық қызметте;
- жергілікті және жаһандық желіде.
АКТ-ны қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру үшін сізге қажет болады:
МДҰ жағдайында ІСБ ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша Гид
Quizlet-пен жұмыс істеу жөніндегі Нұсқаулық
Google Classroom енгізу жөніндегі Нұсқаулық
ISpring-пен жұмыс істеу жөніндегі Нұсқаулық
ZOOM платформасын пайдалану жөніндегі Нұсқаулық
Бейне сабақ жасау бойынша нұсқаулық
Онлайн сабақ сценарийі
Оқу күніне дайындық Чек-парағы
Комментарии
Отправить комментарий