Сообщения

Сообщения за январь, 2021

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Изображение
 КАМЫШЛОВ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ "СВЕРДЛОВ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕРБЕС КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ» Сіздерді 2021 жылдың 26 ақпанында өтетін "цифрлық білім беру ресурстары және қашықтықтан оқыту технологиялары: білім берудегі қолдану теориясы мен практикасы" атты XIX бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға (бұдан әрі - Конференция) қатысуға шақырады.

МАҚСАТҚА БІРГЕ

Изображение
  2021 жылғы 27 қаңтарда директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары В. Г. Гомонова, арнайы пәндер оқытушысы Б. Т. Турагулова Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен "Оқу-әдістемелік әзірлемелер - педагогтың кәсіби шеберлігін арттырудың құралы" атты Республикалық вебинар аясында сөз сөйледі. Педагогтер семинар аясында оқу-тәрбие үдерісін оқу-әдістемелік жабдықтауды әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесімен, өздігінен білім алу тақырыбымен және педагогтың кәсіби дамуындағы кезеңмен тікелей байланысты ОӘК бойынша жұмыс эпаттарымен бөлісті. Вебинардың спикерлері ASTANA POLYTECHNIC колледжі мен Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжінің оқытушылары болды.

КОНФЕРЕНЦИЯ - НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!

Изображение
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі" КМҚК этнограф-зерттеуші Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына, Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Ұлттық құндылықтар тәрбие бастауы ретінде: мәселелері мен шешу жолдары" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады

МЕЙІРІМДІЛІК СІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Изображение
 0105000-Бастауыш білім беру мамандығының 1 курс оқу тобының студенттері " мейірімділік менімен оқылады!". Сынып жетекшісі-Турагулова Б. Т.